51-бап. Автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру нысанында автоматтандырылған тізілімде жүзеге асырылады. Тексеру бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2. Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда автоматтандырылған тізілім анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны:
1) хабарламаның нөмірі мен жасалған күнін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауын, оның тұрған жерін;
4) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптарды;
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, қалыптастырады және бақылау және қадағалау субъектісіне жібереді.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасының орындалмағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптары бір жыл ішінде екі және одан көп рет бұзылған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне осы Кодекстің 50-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы автоматты режимде қалыптастырылады және "цифрлық үкімет" веб-порталындағы және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйедегі пайдаланушының жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы