527-бап. Шот-фактура Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураларды жазып беру тәртібі осы Кодекстің 20-тарауының 1-параграфына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғанын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 207-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ онда:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) тұлғаны ЕАЭО-ға мүше мемлекетте салық төлеуші-сатып алушы ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушының алуына жататын тауарларды (лизинг нысанасын) лизингке берген кезде шот-фактура сыйақы есепке алынбаған әрбір лизингтік төлемнің күніне лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушінің сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жолмен бөліп көрсетілуге тиіс.
6. Импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей электрондық нысанда жазып беріледі.
Өзге жағдайларда импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 20-тарауының 1-параграфында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсу бойынша осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бұл ретте меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтініште көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
4. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты салық төлеуші деп тану үшін:
1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.
Ескерту. 527-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы