538-бап. Салық салу объектісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Акциз салынатын объект мыналар болып табылады:
1) акциз төлеуші өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар:
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төлем жүргізілген акцизделетін тауарларды импорттауды қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, акцизделетін тауарларды өткізу;
акцизделетiн тауарларды алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге беру;
алыс-берiс, оның ішінде акцизделетiн шикізат пен материалдарды қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру;
жарғылық капиталға жарна;
акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, акцизделетiн тауарларды заттай ақы төлеген кезде пайдалану;
өндіруші өзінің құрылымдық бөлімшелеріне жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды тиеп-жөнелту;
өндіруші шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарларды өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын, лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан акцизделетін тауарлардың орнын ауыстыру;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізу;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу;
4) мүліктік массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз қалған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізу;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау;
7) осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу.
2. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қаралады.
3. Мыналар акциз салудан босатылады:
1) егер осы Кодекстiң 545-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарларды экспорттау;
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тәртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;
3) егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе, жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 175-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарлар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);
5) есептен шығару және жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары;
6) осы Кодекстің 536-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикiзаты мен материалдарын қайта өңдеу өнiмi болып табылатын, оның ішінде акцизделетiн, экспортқа өткізілген акцизделетін тауарларды, егер ол осы Кодекстің 545-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келсе беру.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
538-бап. Салықты есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 535-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы – белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы