Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 55-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

55-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

55-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады. 

      2. Жобалау қызметін (жобалауды) және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді: 

      I санат – осы тармақта көрсетілген қызметті қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің барлық деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жүзеге асырады; 

      II санат – осы тармақта көрсетілген қызметті жауапкершіліктің екінші және үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жұмыстарды жүзеге асырады; 

      III санат – осы тармақта көрсетілген қызметті жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензия шеңберінде жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі құрылыс объектілерінде жұмыстарды жүзеге асырады. 

      Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санатқа жатқызуды лицензиар іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне (жобалауға) және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензия беру кезінде жүзеге асырады және лицензияны қолданудың ерекше шарттарында көрсетіледі. 

      3. Жобалау қызметіне (жобалауға), іздестіру қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және осы қызмет түрлерін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сертификаттаудан өткен мамандар болуға тиіс. 

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сертификаттаудан өткен мамандардың ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмыс істеуіне жол берілмейді. 

      4. Өндірушілердің не тиісті біліктілігін және (немесе) өкілеттігін растайтын құжаттамаға сәйкес өзге де тұлғалардың технологиялық жабдықты және (немесе) материалдарды монтаждауы, іске қосу-баптау жұмыстары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырылады. 

      5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. 

      6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ лицензиат заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы өзгерген кезде қайта ресімделуге жатады. 

      7. Лицензиат заңды тұлғаның құрылтайшылары құрамының өзгеруіне байланысты лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы