Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 59-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

59-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

59-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт түрінде;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;

      3) нысаналы талаптарды төлеу және нысаналы жинақтарды аударуға, есепке жатқызу мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу түрінде;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жұмсау:

      осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін құжаттарда белгіленген нысаналы бағдарлармен;

      нысаналы талаптар көлемімен шектеледі.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын:

      жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге;

      мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздар бойынша борыштық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде;

      қазақстандық эмитенттерді ішкі қаржы құралдарына орналастыруға;

      ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздарды субсидиялауға бағытталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, республикалық бюджеттің ағымдағы шығыстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер түрінде қаржыландыруға және (немесе) қоса қаржыландыруға пайдалануға болмайды.

      Осы тармақтың ережелері Ұлттық әл-ауқат қорының және даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған Ұлттық басқарушы холдингтің жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыру үшін эмиссияланатын борыштық бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен сатып алуға қолданылмайды.

      Ұлттық әл-ауқат қорының және даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған Ұлттық басқарушы холдингтің борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобалар осындай жобаларды қаржыландырудың балама көздерінің бар-жоғы тұрғысынан қаралуға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және бекітетін тәртіппен сараптамаға жатады.

      Ұлттық әл-ауқат қорының және даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған Ұлттық басқарушы холдингтің борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобалар сараптама қорытындыларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің қарауына жатады.

      Ұлттық әл-ауқат қорының және даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған Ұлттық басқарушы холдингтің борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен іске асырылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуын мониторингтеуді Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша құрылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамын, ережесін және жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Бюджет комиссияларының құрамына: бюджет комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасарлары, хатшысы, мүшелері кіреді, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері кіреді. 

      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады. 

      3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды. 

      4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды. 

      5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды. 

      6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды. 

      Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы