Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) цифрлық объектілер арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді. 

       Борышкер-жеке тұлға және (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) цифрлық объектілер арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мән-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде: 

      1) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге; 

      2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге; 

      3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге; 

       4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;  

      5) комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға; 

      6) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге; 

      7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне; 

      8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға; 

      9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мәліметтер көрсетіледі. 

      2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және борышкерге және (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы: 

      1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні; 

      2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар; 

      3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды. 

     Коллекторлық агенттік мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарыз және (немесе) микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінге күнтізбелік алпыс күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті. 

      Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы туралы мәліметтермен алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ 

      3. Борышкер-жеке тұлға коллекторлық агенттіктің осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. 

      Қаржы омбудсманы борышкер-жеке тұлғаның коллекторлық агенттікке жүгінуінің және коллекторлық агенттікпен банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дәлелдерін ұсынған кезде оның жолданымын қарайды. 

      Қаржы омбудсманы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкер-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы немесе соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді. 

 4. Банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан көп кредиторлардың алдында мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және (немесе) тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманының қызметі жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы. 

      Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуді жүргізу тәртібі мен шарттары осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы