6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті Білім туралы Заңы
1. Жергілікті өкілді органдар:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, білім беру ұйымдарында білім алу үшін оларға арнаулы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
7) отыз жылдан астам пайдаланылып отырған, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін авариялығы тұрғысынан зерттеп қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік ұйымдарды сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп қарауды әрбір бес жыл сайын қамтамасыз етеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітеді;
9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
10) өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
12) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
13) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітіп, орналастырады;
14) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты және бюджеттен тыс қорлар есебінен білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектісін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
16) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп ұстауға және орта білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
18) облыстық ауқымда жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларды және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіптік шеберлік конкурстарын, облыстық ауқымда бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
19) өңірлік жеңімпаз болып табылатын білім алушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
20) өңірлік жеңімпаз болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
22) облыстық деңгейде жүзеге асырылатын, балаларға арналған қосымша білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
23) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және педагогтерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
24) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп қарауды, оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
25) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
28) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
29) жыл сайын 15 сәуірге дейін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға ауылдық жерде кадрлардың қажеттігі туралы өтінімдерді ұсынып, берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастырады;
30) облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
31) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
32) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық объектілерінде статистикалық байқау деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
33) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
34) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы адамдарға жағдайды қамтамасыз етеді;
35) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
36) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының сапалы кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
37) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
38) облыстық әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
39) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз етеді;
40) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
41) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
42) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
43) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
3) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, орта білім беру және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) арқылы ұсынылатын орта білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастырады және оның сапасын қамтамасыз етеді;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;
7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
7-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;
8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
10) балаларға арналған қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
12-2) отыз жылдан көп пайдаланылып отырған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін әрбір бес жыл сайын авариялығы тұрғысынан зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;
13) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
14) дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
18) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
24-1) алып тасталды – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
24-2) алып тасталды – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілу сапасын қамтамасыз етеді;
25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
25-9) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;
26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
27-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды білім беруді басқарудың тиісті органдары және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандар әкімдерінің аппараттары арқылы іске асырады.
Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және олардың бақылауында болады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
2) бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқыту нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім және интернат үлгісіндегі білімнің білім беру ұйымдары (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) арқылы ұсынылатын орта білім беру сапасын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағдарламаларын қоспағанда, балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
4) жергілікті бюджеттерде тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім қызметтеріне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
6) мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
7) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру бойынша қызметтер ұсыну сапасын қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыруды және оларға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді;
10) отыз жылдан астам пайдаланылып отырған, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жай-күйін авариялығы тұрғысынан зерттеп қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп қарауды әрбір бес жыл сайын қамтамасыз етеді;
11) жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстарды, спорттық жарыстарды, орындаушылар конкурстары мен кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі, орта және қосымша білімнің білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
15) білім бөлімінің бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
16) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
17) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
18) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
19) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрмен сапалы түрде қамтамасыз етеді;
20) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
21) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
23) жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғынжаймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
24) білім беру ұйымдарында оқуын бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
25) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
26) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстарды мәслихатқа енгізеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттің қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
28) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
29) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатын көлемде орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыруды жыл сайын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау