6-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне байланысты шектеулер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) саяси қызметпен айналысуға;
2) өкілді органның депутаты болуға;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға;
4) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
5) коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
6) мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға;
7) өзінің қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін жеке мақсаттарда пайдалануға;
9) мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде өзінің саяси партиядағы, кәсіптік одақтағы мүшелігін тоқтатады.
Егер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымға сайланған кезде саяси партияда, кәсіптік одақта тұрған жағдайда, ол тағайындалған күннен бастап он күн ішінде өзінің оларға мүшелігін тоқтатуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы