Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Су кодексі

6-бап. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Су кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Су кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі су ресурстарының тапшылығына және олардың тиісінше сапалы болмауына байланысты нақты және ықтимал қатерлерден, сондай-ақ судың зиянды әсерінен Қазақстан Республикасының халқы мен ұлттық экономикасының қорғалуының жай-күйінен көрінеді.

      2. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі:

      1) су объектілері мен су ресурстарын есепке алу жүйелерін жетілдіру, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау және болжау;

      2) су объектілерін сақтау және қалпына келтіру;

      3) жерүсті және жерасты су ресурстарын кешенді пайдалану;

      4) су ресурстарын ғылыми негізделген аумақтық қайта бөлу;

      5) су үнемдеу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

      6) балама су көздерін пайдалану;

      7) судың зиянды әсерінің алдын алу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау;

      8) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың орнықты жұмыс істеуін және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      9) трансшекаралық су объектілерін қорғау және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау есебінен қамтамасыз етіледі.

      3. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және өзге де сипаттағы шаралармен қамтамасыз етіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.   

6-бап. Су ресурстары  Қазақстан Республикасының Су Кодексі 

      Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.  

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы