6-бап. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы
Республика азаматтары өздерiнiң ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бiрлестiкке жататынына, тегiне, әлеуметтік және мүлiктiк жағдайына, шұғылданатын қызметiне, тұрғылықты орнына қарамастан бiрдей хұқықтар иеленiп, бiрдей міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасы территориясында тұратын және оның азаматы емес адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және мемлекетаралық шарттарында көзделген хұқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеткерлiкте болады, Республиканың заңдары мен мемлекетаралық шарттарында көзделген ерекшелiктер бұған жатпайды.
Азаматтық тең хұқылыққа қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
Қазақстан Республикасының Когституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам хұқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу хұқын растай отырып, азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы