Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің аквашаруашылық саласындағы құзыреті Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

6-бап. Уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің аквашаруашылық саласындағы құзыреті Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің аквашаруашылық саласындағы құзыреті Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы   

      1. Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      2) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      4) аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) бюджет қаражаты есебінен аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;

      6) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 24-б. қараңыз.

      7) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      8) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 24-б. қараңыз.

      8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізеді;

      9) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді;

      11) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган белгілеген және осы Заңда белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы