616-бап. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері осындай алымдар төлеу күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:
1) мыналарды:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – АЕК-тің 10 еселенген мөлшерін;
2) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (шыққаны), Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттеу үшін – АЕК-тің 30 еселенген мөлшерін;
3) ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін – осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлерді құрайды.
3. Ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:
1) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін – асып кеткен әрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін АЕК-тің 0,005 еселенген мөлшерін құрайды.
Автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне және маршрут бойынша тасымалдаудың тиісті арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін (әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үш еселенген осьтер үшін):
Р/с № | Жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кету, % | Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | 10 %-ды қоса алғанға дейін | 0,011 |
2. | 10,0 %-дан 20,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,014 |
3. | 20,0 %-дан 30,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,190 |
4. | 30,0 %-дан 40,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,380 |
5. | 40,0 %-дан 50,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,500 |
6. | 50,0 %-дан жоғары | 1 |
Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдаудың арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін:
Р/с № | Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен | Жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Биіктігі: |
|
1.1. | 4-тен жоғары 4,5-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
1.2. | 4,5-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін | 0,018 |
1.3. | 5-тен жоғары | 0,036 |
2. | Ені: |
|
2.1. | 2,55-тен (изометриялық шанақтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
2.2. | 3-тен жоғары 3,75-ті қоса алғанға дейін | 0,019 |
2.3. | 3,75-тен жоғары | 0,038 |
3. | Ұзындығы: |
|
3.1. | жол берілетін ұзындықтан асып кететін әрбір метр (толық еместі қоса алғанда) үшін | 0,004 |
Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
биіктік бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің биіктік бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ені бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің мөлшеріне ені бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ұзындық бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің ұзындық бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы.
4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: |
|
1.1. | Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану | 10 |
1.2. | Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу | 10 |
1.3. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау | 100 |
1.4. | Ядролық материалдармен жұмыс істеу | 50 |
1.5. | Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 10 |
1.6. | Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 5 |
1.7. | Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 5 |
1.8. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу | 50 |
1.9. | Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау | 50 |
1.10. | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет | 10 |
1.11. | Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою | 10 |
1.12. | Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану | 10 |
1.13. | Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облыс ішiндегі қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау | 3 |
1.14. | Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет | 6 |
1.15. | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет | 20 |
1.16. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) | 9 |
1.17. | Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу | 20 |
1.18. | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету | 20 |
1.19. | Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелуге және ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру | 0 |
1.20. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелуге және ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру | 0 |
1.21. | Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу | 0 |
1.22. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу | 0 |
1.23. | Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтауыш бұйымдар мен аспаптарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнаулы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу | 22 |
1.24. | Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау | 22 |
1.25. | Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу | 22 |
1.26. | Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау | 10 |
1.27. | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану | 10 |
1.28. | Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет | 186 |
1.29. | Байланыс саласында қызметтер көрсету | 6 |
1.30. | Білім беру қызметі | 10 |
1.31. | Теле-, радиоарналарын тарату жөнiндегi қызмет | 6 |
1.32. | Медициналық қызмет | 10 |
1.33. | Фармацевтикалық қызмет | 10 |
1.34. | Адвокаттық қызмет | 6 |
1.35. | Нотариаттық қызмет | 6 |
1.36. | Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет | 6 |
1.37. | Аудиторлық қызмет | 10 |
1.38. | Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету | 50 |
1.39. | Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы | 6 |
1.40. | Туроператорлық қызмет | 10 |
1.41. | Ветеринария саласындағы қызмет | 6 |
1.42. | Сот-сараптама қызметі | 6 |
1.43. | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру | 10 |
1.44. | Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*: |
|
1.44.1. | екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары | 800 |
1.44.2. | банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | 400 |
1.45. | банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары | 800 |
1.46. | банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар | 800 |
1.46.1. | Микроқаржылық қызмет | 30 |
1.47. | Қызметін Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялары | 40 |
1.48. | Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 |
1.49. | Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 |
1.50. | Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 500 |
1.51. | Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 200 |
1.52. | Сақтандыру брокерінің қызметі | 300 |
1.53. | Актуарийлік қызмет | 10 |
1.54. | Брокерлік қызмет | 30 |
1.55. | Дилерлік қызмет | 30 |
1.56. | Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет | 30 |
1.57. | Кастодиан қызметі | 30 |
1.58. | Трансферагенттік қызмет | 10 |
1.59. | Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
1.60. | Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі | 40 |
1.61. | Іздестіру қызметі | 10 |
1.62. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | 10 |
1.63. | Жобалау қызметі | 10 |
1.64. | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
1.65. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау | 10 |
1.66. | Этил спиртін өндіру | 3 000 |
1.67. | Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру | 3 000 |
1.68. | Сыра қайнату өнімін өндіру | 2 000 |
1.69. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін | 200 |
1.70. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін: |
|
1.70.1. | астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда | 100 |
1.70.2. | аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде | 70 |
1.70.3. | ауылдық елді мекендерде | 30 |
1.71. | Темекі бұйымдарын өндіру | 500 |
1.72. | Тауарлардың экспорты мен импорты | 10 |
1.73. | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты | 10 |
1.74. | Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
1.75. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: |
|
1.75.1. | казино және ойын автоматтары залы үшін | 3845 |
1.75.2. | тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін | 640 |
1.76. | Тауар биржалары саласындағы қызмет: |
|
1.76.1. | тауар биржасы үшін | 10 |
1.77. | Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсету | 10 |
1.78. | І кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы | 2 000 |
1.79. | ІІ кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы | 5 |
2. | Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: |
|
2.1. | 1.45. – 1.47.1., 1.49. – 1.53., 1.67. – 1.74.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 %-ы |
2.2. | 1.45. – 1.47.1., 1.49. – 1.53.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы |
2.3. | 1.67 – 1.74-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | 1 |
3. | Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер: |
|
3.1. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы |
3.2. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін | 1 |
Ескертпе.
*Әрбір банктік операция үшін; ** әрбір сақтандыру сыныбы үшін.
5. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Лицензияланатын қызметтің кіші түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшерлемелері: |
|
1.1. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер | 100 |
1.2. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары | 100 |
1.3. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар | 100 |
1.4. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары | 100 |
1.5. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықтағы, теңіздегі және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау | 100 |
1.6. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою | 100 |
1.7. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу | 100 |
1.8. | көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қыртыстарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту | 100 |
1.9. | теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар | 100 |
1.10. | мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану | 100 |
1.11. | көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарының әзірлемелерін талдау | 100 |
1.12. | көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау | 100 |
1.13. | магистральдық құбыржолдарды пайдалану | 100 |
2. | 1.1 – 1.13-тармақтарда көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлеме (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) | лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 8 % |
3. | Лицензияның телнұсқасы берілгені үшін алым мөлшерлемесі (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) | лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 80 % |
6. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым мөлшерлемесі 7 000 АЕК-ті құрайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
616-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
1) талапкерлер – еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар – авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер – өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары – өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер – алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер – мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер – қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар – оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
8) талапкерлер – Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
9) арыз берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;
10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер – оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арызбен жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қоюмен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
13) талапкерлер – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша;
ҚР Конституциялық Сотының 26.07.2024 № 50-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 616-бабының екінші бөлігімен өзара байланысты болу үшін осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының ережесі "талапкерлер -" деген сөзді қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды.
14) талапкерлер-қандастар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
15) жеке және заңды тұлғалар – сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:
іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қараусыз қалдыру туралы;
шешiм орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын бұру туралы;
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
16) прокуратура органдары – барлық талап қоюлар бойынша;
17) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары – үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмдерiне шағым жасаған кезде;
18) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері және (немесе) кемінде 35 пайызы есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін, өздері құрған ұйымдар – өздерiнiң мүдделері үшін талап қоюды берген кезде;
19) сақтандырушылар мен сақтанушылар – мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
20) талапкерлер мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталудан, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан не қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
21) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қою берген кезде;
21-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қою берген кезде;
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;
22-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссиялары – қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша;
23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері – уақытша әкімшіліктің мүддесінде берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;
24) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берілген банктер - мынадай талап қоюды берген кезде:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектi өндiрiп алу туралы;
мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы;
25) облигация ұстаушылардың өкілдері – эмитенттердің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап қоюды берген кезде;
26) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесінде талап қоюды берген кезде;
26-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары – борышкерлерден зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде талап қоюларды берген және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;
27) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыздар берген кезде;
28) талап қоюшылар (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерін көздей отырып қорғау туралы талап қоюлар (арыздар) бойынша;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 29) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
29) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым – талаптар қою және сот шешімдеріне шағым жасау кезінде;
30) талап қоюшылар – әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою бойынша.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар сот актілеріне шағым жасаған кезде де соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы