Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 63-бап. Адвокаттық кеңсе Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

63-бап. Адвокаттық кеңсе Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

63-бап. Адвокаттық кеңсе Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы  

       1. Адвокаттық кеңсе коммерциялық емес ұйым болып табылады.  

       2. Адвокаттық кеңсе адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады (жасалады).  

       3. Адвокаттық кеңсені адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады (жасайды). Адвокат тек бiр ғана адвокаттық кеңсенiң әріптесі бола алады.  

      4. Адвокаттық кеңсенің әріптестері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал адвокаттық кеңсе өз әріптестерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

      5. Адвокаттық кеңсе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адвокаттардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты алған кірістері бойынша олардың салық агенті, сондай-ақ клиенттермен және үшінші тұлғалармен есеп айырысу бойынша және адвокаттық кеңсенің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мәселелер бойынша олардың өкілдері болып әрекет ете алады. 

      6. Адвокаттық кеңсе құрған (жасаған) адвокаттар өздерінің арасында қарапайым жазбаша нысанда әріптестік шарт жасасады. Әріптестік шарт бойынша адвокаттар барлық әріптестердің атынан заң көмегін көрсету үшін өз күш-жігерін біріктіруге міндеттенеді. Әріптестік шарт адвокаттық кеңсені мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылмайды. 

      7. Егер әріптестік шартта өзгеше белгіленбесе, адвокаттық кеңсенің жалпы істерін жүргізуді басқарушы әріптес жүзеге асырады. Заң көмегін көрсету туралы шартты адвокаттық кеңсе өз атынан, соған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерінде жасасады. 

       8. Бiр адвокат құрған (жасаған) адвокаттық кеңсе өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.  

      9. Адвокаттық кеңсенiң адвокаты адвокаттық кеңсе мемлекеттiк тiркелгеннен және (немесе) оған қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокаттық кеңсенiң әріптестік құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi. 

      10. Адвокаттық кеңселердің әріптестері салым ретінде енгізген мүлік адвокаттық кеңсеге меншік құқығында тиесілі болады. 

       11. Адвокаттық кеңсе әріптестерінің құрамын өзгерту:  

      1) әріптестің шығуы; 

      2) жаңа әріптесті қабылдау; 

      3) әріптестің адвокаттық қызметті осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатуы салдарынан жүзеге асырылуы мүмкін. 

      12. Адвокаттық кеңсенің әріптестері: 

      1) егер адвокаттық кеңсенің жарғысында өзгеше көзделмесе, адвокаттық кеңседен шыққан не адвокаттық қызметті тоқтатқан кезде өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде адвокаттық кеңсе мүлкінің бір бөлігін немесе осы мүліктің құнын алуға; 

      2) адвокаттық кеңсе таратылған жағдайда, оның кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігін өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде алуға құқылы. 

      13. Адвокаттық кеңселерді құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi. 

      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы