63-бап. Анықтаушы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Анықтаушы – iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.
2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.
3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.
4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы параллель қаржылық тергеп-тексеру жүргізуге міндетті.
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауларына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемi, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық iстi тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы