Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Судья, егер ол:

      1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылған судья болып табылмаса;

      2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;

      3) осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

      4) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде қатысса;

      5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, күдіктінің, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы не процеске қатысушылардың қайсыбіреуінің жекжаты болса;

      6) егер судья осы iске жеке, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп санауға негiз болатын өзге де мән-жайлар болса, iстi қарауға қатыса алмайды.

      2. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе басқа да жеке тәуелдiлік қатынастарымен байланысқан адамдар кiре алмайды.

     3. Қылмыстық iстi бiрiншi сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

      4. Істi апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. 

      5. Істi кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. 

      6. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. Істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды. 

      7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.

      7-1. Егер судья қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға бұрын қатысқан болса, ол жаңадан келіп түскен қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сотқа қатыса алмайды.

      7-2. Егер апелляциялық және кассациялық сатының судьясы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты қылмыстық істі алдыңғы қарауға қатысқан болса, ол тиісінше апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатыса алмайды.

      8. Қарсылық бiлдiру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс.

      9. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығару арқылы шешедi.

      10. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзіне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сот толық құрамда көпшiлiк дауыспен шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.

      11. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiшхатты шешетiн, сондай-ақ шағымдарды осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайтын тергеу судьясына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып жеке-дара шешедi. Iстi осы Кодекстiң 52-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес жеке-дара қарайтын судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда, жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық iс, шағым не өтiнiшхат белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi.

      12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келiспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың кассациялық шағымға немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң87-бабындакөзделген негiздер болған кезде тер...

Толық оқу »

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөлік...

Толық оқу »

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хатшысы және сот пристав...

Толық оқу »

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Аудармашы және маман: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән...

Толық оқу »

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сарапшы: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән-жайлардың кез келгенi болға...

Толық оқу »

87-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бабына қарсылық білдіруі

87-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бабына қарсылық білдіруі1 Судья істі қарауға қатыса алмайды, егер ол:1) осы Кодекске сәйк...

Толық оқу »

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына қарсылық білдіру

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына қарсылық білдіру1 Прокурор осы кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келген...

Толық оқу »

90-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының түсінгенқазақстандық іс жүргіз кодексіне қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының

90-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының түсінгенқазақстандық іс жүргіз кодексіне қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының1 Куәгер Оса кодекстің 87-бабында және ОСА...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру1 сот отырысының хатшысы мен сот прист...

Толық оқу »

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің сарапшысына қарсылық білдіру

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің сарапшысына қарсылық білдіру1 сарапшы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды:1) осы к...

Толық оқу »

89-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының кылмыстық іс жүргіз кодексінің тергеушісі мен анықтаушысын қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының

89-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының кылмыстық іс жүргіз кодексінің тергеушісі мен анықтаушысын қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының1 тергеушісі мен анықтауш...

Толық оқу »

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Прокурор осы Кодекстiң 87-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген...

Толық оқу »

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің аудармашысы мен маманына қарсылық білдіру

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің аудармашысы мен маманына қарсылық білдіру1 аудармашы мен маман қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қ...

Толық оқу »