655-бап. Төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрді қоса алғанға дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Жолдар санаты | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қалаға кіреберістер | 8 |
2. | I, II | 7 |
3. | III | 3 |
4. | IV | 2 |
Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с № | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | ||
республикалық маңызы бар қалада және астанада | облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде | аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ді қоса алғанға дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 2 | 1 | 0,5 |
2. | Лайтбокстар (сити-форматта) | 3 | 2 | 1 |
3. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: |
|
|
|
3.1. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 5 | 3 | 1 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 10 | 5 | 2 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 10 | 3 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 15 | 5 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 50 | 20 | 7 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 70 | 30 | 12 |
3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
4. | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): |
|
|
|
4.1. | 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 20 | 6 |
4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
5. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: |
|
|
|
5.1. | 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 1 | 1 | 0 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
6. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: |
|
|
|
6.1. | 2 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 3 | 2 | 1 |
6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
7. | Жылжымалы жайма жарнама | 10 | 5 | 1 |
8. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: |
|
|
|
8.1. | 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 14 | 6 |
8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 30 | 24 | 16 |
9. | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 3 | 2 | 1 |
Облыстардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне және көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 100 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 200 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
655-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң 656-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістеріне осы Кодекстiң 646-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салықтық шегерiмдер жүзеге асырылмай салынады.
Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалады.
2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістерінен төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару осы Кодекстің 650-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
3. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салықтық шегерімдерді жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында айқындалған кірістерді қоса алғанда, бейрезидент-жеке тұлғаның мынадай кірістері:
жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындғы қызметтен түсетін кірістері;
жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістері;
басшының гонорарлары және (немесе) басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге де орган) мүшелерінің аталған адамдардың осындай міндеттерді іс жүзінде орындаған жеріне қарамастан, өздеріне жүктелген резидентке қатысты басқарушылық міндеттерін орындауымен байланысты алатын өзге де төлемдері;
жұмыс беруші болып табылатын резиденттің немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған төленетін үстемеақылары;
бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
4. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды салық агенті, осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, бейрезидент-жеке тұлғаға кірістерін төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Салық агенті төлем көзінен жеке табыс салығын бейрезидент-жеке тұлғаға кіріс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан ұстайды.
5. Бейрезидент-жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын салық агенті тұрған жеріндегі бюджетке аударуды салық ұстап қалуға жататын айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді.
6. Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кірісті төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
7. Қызметі осы Кодекстің 220-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған кірісіне төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.
Бұл ретте бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты мұндай тұлға алатын өзге де материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Егер ұсынылған персоналға кірісті бейрезидент төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағына сәйкес бейрезидент ұсынатын құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.
Шетелдік персонал кірісінен төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агенті бейрезидент-заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін кірісті төлеу кезінде жүргізеді.
Төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салықтық шегерімдер жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған кірістерінің сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
Салық агенті салық ұстап қалуға жататын айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлем көзінен ұстап қалған жеке табыс салығының сомасын тұрған жері бойынша аударуға міндетті.
8. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кірісті төлейтін және салық агенті деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) Қазақстан Республикасында қызметті құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық органдарында оның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметті құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімше ашпай, оның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті деп танылады;
4) резидент-заңды тұлғаға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитентіне жүктеледі.
Осы тараудың мақсаттары үшін резидент-заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің 353-бабында айқындалған тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы;
5) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезидент оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке;
6) осы Кодекстің 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғаға жүктеледі.
9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстап қалмай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
Ескерту. 655-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы