Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы 

      1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында барлық кезеңдерде, оның ішінде елді мекендердің аумақтарын жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау, сараптау, салу және пайдалану кезеңдерінде әртүрлі процестерді автоматтандыру және рәсімдерді оңайлату үшін ақпараттық жүйелер қолданылуы мүмкін. 

      2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып табылады. 

      3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

      4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілер қызметін жүзеге асыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануға міндетті. 

   Егер осы жолданым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені қолданған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге өтеусіз қолжетімділік беруге міндетті.

      Өзге жағдайларда субъектілер қызметінің нәтижесі жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қолданылуға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы