Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы – цифрлық шешімдерді келісілген дамытуды, интеграциялауды және стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық форматта қалыпқа келтірілген және ұсынылған, мемлекеттің жұмыс істеу мақсаттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бойынша міндеттеріне, функциялары мен процестеріне қол жеткізу үшін құрылатын және пайдаланылатын цифрлық объектілердің, цифрлық деректердің кешенді сипаттамасы.  

      2. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы (оның ішінде "цифрлық үкімет" архитектурасы) мыналарды қамтиды: 

      1) цифрлық объектілерді (цифрлық жүйелерді және цифрлық платформаларды) құру мен дамытудың архитектуралық қағидаттары; 

      2) стандартталған өзара іс-қимыл интерфейстерін қоса алғанда, цифрлық жүйелердің интеграциясы мен үйлесімділігіне қойылатын талаптар; 

      3) бұлтты инфрақұрылымда орналастыруға дайын архитектураға қойылатын талаптар (бұлтты дайындық); 

      4) модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды және интероперабельділікті қамтамасыз ететін сервистік архитектураға қойылатын талаптар; 

      5) цифрлық деректердің сапасын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін цифрлық деректер архитектурасына қойылатын талаптар; 

      6) цифрлық деректерді қорғауды, киберқауіпсіздікті және киберқауіптерге төзімділікті қоса алғанда, архитектуралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қойылатын талаптар. 

      3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларын сақтауға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы