Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 68-бап. Республика Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi қарауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

68-бап. Республика Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi қарауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

68-бап. Республика Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi қарауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

 

      1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берiлуi мүмкін өтiнiші бойынша Конституциялық Сот дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiндегi мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткiзудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi.

      3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы