690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300-1, 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 302, 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерін қоспағанда), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерінің күзет аймақтарын қоспағанда), 309-1, 309-2 (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберіндегі жылу желілері бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 690-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы