Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету Кинематография туралы Заңы

7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету Кинематография туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету Кинематография туралы Заңы 

      1. Фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      Осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды. 

      2. Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі. 

      3. Прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады. 

      4. Прокаттау куәлігін алу үшін жеке немесе заңды тұлға: 

      1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті; 

      2) жеке немесе заңды тұлғаның фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмелер қоса беріледі); 

      3) фильмнің аннотациясын ұсынуы қажет. 

       4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 18 ақпандағы № 266-VIII ҚРЗ 

      5. Прокаттау куәлігін алуға арналған өтініш келіп түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін береді. 

5-1. Егер фильмнің ұсынылған аннотациясынан осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын сұратады. 

      Фильмде осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында санамаланған белгілердің болуын анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау үшін сараптама комиссиясы жүргізетін сараптама прокаттауға дейінгі сараптама болып табылады. 

      Прокаттау куәлігін алу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясы жүзеге асырады. 

      Сараптама комиссиясы фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын қарайды және фильм ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға ұсынымдар жібереді. 

      Сараптама комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. 

      Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібін, сондай-ақ сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның құрамын уәкілетті орган айқындайды.

      6. Уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша: 

      1) жеке немесе заңды тұлға анық емес және (немесе) бұрмаланған ақпарат берсе; 

       2) жеке немесе заңды тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбаса; 

       3) осы Заңның 9-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда; 

      4) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартады. 

7. Фильм туралы, прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.

      Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажетті мерзімге тоқтатыла тұрады, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспайды. 

      Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім оны берген адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға қабылданған шешім туралы хабардар етілген күннен бастап күшіне енеді. 

      Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрған адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданысын бұрын тоқтата тұруға алып келген мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады. 

      Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алады. 

 

      Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы