⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

7-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы 

      Салалық уәкілетті орган: 

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым жәе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады; 

      2) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады; 

       3) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;  

      4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың тиісті салада іске асырылуын жүзеге асырады; 

      5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді; 

      6) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді; 

      7) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді; 

      8) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады; 

      9) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады; 

      10) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады; 

      11) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады; 

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы