Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келу визасын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келген кезде алады.

      2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Орталықтың инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады.

      2-1. Орталықтың инвестициялық резиденттеріне визаларды беру, жою, қайта қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімін қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық әкімшілігінің өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      3. Орталық әкімшілігінің өтінішхаты бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдарға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша Орталықтың органдары айқындайды.

      5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның, Сингапур Республикасының және Монако Княздігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен визасыз келу құқығын алады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы