⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

7-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде: 

      1) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіреді; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды; 

      3) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және ашу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, болғызбау, олардың жолын кесу және ашу саласындағы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді; 

      6) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 

       7) адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;  

      8) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       2. Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:  

      1) адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіреді; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды; 

      3) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді; 

      6) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 

       7) адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;  

      8) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы