Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 70-бап. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

70-бап. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

70-бап. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы (бұдан әрі – бас схема) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын перспективалық ұйымдастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып әзірленеді. 

      Бас схеманы түзету Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады. 

      2. Бас схема: 

      1) өндіргіш күштерді жайғастыру және орналастыру жүйесін; 

      2) әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдарды дамытуды; 

      3) республикалық және өңіраралық маңызы бар, ерекше реттелетін аумақтар мен объектілерді дамытуды; 

      4) аумақтарды экономикалық мамандану және артықшылықты пайдалану түрлері бойынша сыныптауды; 

      5) қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде пайдалануға басымдықтар мен шектеулерді айқындай отырып, аймақтарға бөлуді; 

      6) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілер бар аумақтарды сақтау жөніндегі, сондай-ақ аумақтарды қауіпті (зиянды) табиғи техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.  

      3. Бас схеманың құрамында бас схеманың басты шешімдері мен ұсыныстарын қамтитын негізгі ережелер бөліп көрсетіледі. 

      4. Бас схема кемінде жиырма жыл кезеңге әзірленеді және оны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бес жылда бір реттен сиретпей мониторингтеуге тиіс. 

      5. Бас схеманы әзірлеу Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы