Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 700-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау және оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

700-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау және оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

700-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау және оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Салық органы бейрезиденттің осы Кодекстің 699-бабына сәйкес ұсынылған өтінішін оны бейрезидент ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өтінішті қарау мерзімі: 

      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеріс жүргізу кезеңіне; 

      2) салық органы осы баптың 2 және 5-тармақтарында көрсетілген сұрау салу жіберген күннен бастап осындай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады. 

      2. Бейрезиденттің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, уәкілетті мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша бейрезидентке сұрау салулар жіберуге құқылы. 

      3. Бейрезиденттің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 15-тарауында айқындалған тәртіппен бейрезиденттің өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді. 

      4. Егер бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшесі бар болса, өтiнiштi қарайтын салық органы бейрезиденттi оның талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңiнде салықтық мiндеттемелерді орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы тұрғысынан кешендi салықтық тексеру жүргiзуге сұрау салуды осындай құрылымдық бөлімше тұрған жердегі салық органына жiберуге мiндеттi. 

      5. Салық агенті таратылған (қызметі тоқтатылған), банкрот болған жағдайда салық органы өтініші қаралып жатқан бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен бейрезиденттiң өзара қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы. 

      Бұл ретте осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім салық органының сұрау салуына бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған (қызметі тоқтатылған) немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұстап қалған табыс салығы бойынша салықтық есептіліктің деректері негізінде қабылданады. 

      Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе сұрау салу жіберілген күннен бастап екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің 232-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы. 

      6. Бейрезидент-жеке тұлға бюджетке салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алынған кірістерден табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім осы Кодекстің 686-бабының 3-тармағында айқындалған табыс салығын қайтарып алуға өтінішке қоса берілген құжаттардың және бейрезидент ұсынған табыс салығы бойынша салықтық есептілік деректерінің негізінде қабылданады. 

      7. Бейрезиденттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай: 

      1) табыс салығын толық немесе оның бір бөлігін қайтару туралы; 

      2) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады. 

      Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды. 

      Салық органы табыс салығын толық немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолтаңбасымен және салық органының мөрімен куәландырылады. 

      Салық органының өтінішті қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар көрсетілуге тиіс: 

      1) шешім қабылданған күн; 

      2) шешім қабылдаған салық органының атауы; 

      3) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы; 

      4) бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі немесе оның аналогы (ол болған кезде); 

      5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – бюджеттен бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы; 

      6) табыс салығын толық немесе оның бір бөлігін қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жүргізілген тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) халықаралық шарттың нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) салық органының сұрау салуы негізінде шет мемлекеттің құзыретті органынан алынған ақпарат негізінде осындай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған негіздеме.  

      8. Табыс салығы бюджетке төленген және салық органы табыс салығын толық немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда шешімнің көшірмелері мен бейрезиденттің өтініштерін осындай салық органы табыс салығын төлеуді жүргізген салық агенті (салық төлеуші) тұрған (тұрғылықты, болатын) жерінде тіркелген салық органына жібереді. 

      Салық агенті (салық төлеуші) тұрған (тұрғылықты, болатын) жерінде тіркелген салық органы бейрезидентке осы Кодекстің 11-тарауының 1-параграфында айқындалған тәртіппен бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

      9. Салық органының шешімі бейрезидент өтінішінің бір данасы қоса беріле отырып, бейрезидентке қолын қойғызып табыс етіледі немесе алу туралы хабарлама бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

      Табыс ету немесе поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні бейрезиденттің салық органының шешімін алған күні болып табылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

700-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшеліктері  Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері бюджетке төлеуге жататын мынадай салықтардың сомасын:  

      1) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан түскен кіріс бойынша – корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығының (төлем көзінен ұстап қалатын салықтардан басқа) сомасын;  

      2) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырумен байланысты салық салу объектілері бойынша – әлеуметтік салық сомасын;  

      3) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша – мүлік салығы, көлік құралы салығы сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.  

      2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту: 

      1) осы Кодекстің 305-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде; 

      2) осы Кодекстің 313-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған кірістерге де қолданылады.  

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды есептеуді осы арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

      Бірыңғай төлемге енгізілген сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

      Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

      Ескерту. 700-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы