72-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі:
1) меншік құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлік болмаған жағдайда тоқтатыла тұруға жатады;
2) меншік құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлік болған жағдайда, сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген тұлға (бұдан әрі – мүліктің қорғаншысы) тарапынан орындалады.
Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі оны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап:
1) осындай адамның мұрасы қабылданған не мүлкі иесіз деп танылған;
2) оны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күнге дейінгі кезеңде тоқтатыла тұрады немесе оны мүліктің қорғаншысы орындайды.
2. Мүлік қорғаншысы сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның мүлкінен салық төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі оның салықтық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салықтық берешегінің өтелмеген бөлігі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы мүлкінің жеткіліксіздігі туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
4. Адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісінің күші жойылған кезде бұрын есептен шығарылған салықтық берешектің қолданылуын талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, салық органы салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімге сәйкес қайта бастайды және ол өндіріп алынуға тиіс.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді салық органы адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;
2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;
3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда салықтық есептілікті, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;
4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;
5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) салық органдарының ұтқыр топтарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы жолымен жәрдемдеседі.
7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;
8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;
9) сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты жұмыскерге ақпараттық хабарлар жіберу жолымен жәрдемдеседі.
Осы тармақшаның ережелері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты олардың назарына жеткізу жолымен хабардар болуын арттыру мақсатын көздейді.
Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты орналастыру жолымен жүзеге асырады.
3. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
4. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі, бұл салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салықтық міндеттемелерінің сомалары және (немесе) салықтық берешектің бар сомасы туралы мәліметтерді:
1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді беруші есеп айырысулар үшін қолданатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасының мекенжайларына жіберу;
4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберу;
5) салықтық мобильдік қосымша арқылы жіберу жолымен ұсынады.
Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.
6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы