725-бап. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің кірістерін салықтық есепке алуда тану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы баптың ережелерін "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудi және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіріс дара кәсіпкер ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктердің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алынуға жататын құн бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кірістің сомасы дара кәсіпкер мен сатып алушы немесе активті пайдаланушы арасындағы орындалған шарт негізінде де айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түсетін кіріс төменде санамаланған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса;
5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, кіріс деп танылады.
4. Жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістер орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске мыналар жатады:
1) кредитордың салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;
2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) заңды күшіне енген сот актісі бойынша міндеттемелерді есептен шығару.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;
2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына тарату салықтық есептілігі ұсынылған;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қоюдың ескіру мерзімі өткен;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот актісі заңды күшіне енген есепті салықтық кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі кіріс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісі көрсетіле отырып, түгендеу актісі жасалған салықтық кезеңде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстан Республикасында қолданылатын бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұлдар, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі кіріс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер таныған салықтық кезеңде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе көрсетілетін қызметтері басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе көрсетілетін қызметтеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін кіріс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құны мен берілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Салықтық кезең үшін алуға жататын (алынған) кіріс есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
10. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс:
1) талап ету құқығын иеленетін дара кәсіпкер үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы басқаға берілген күнгі негізгі борыштан артық сома мен талап ету құқығын иелену құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін мұндай кіріс сатып алынған талапты борышкер өтеген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады;
2) талап ету құқығын басқаға берген дара кәсіпкер үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін мұндай кіріс басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады.
11. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салықтық кезеңде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кіріс болып табылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кіріс мұндай мүлік алынған салықтық кезеңде танылады.
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кіріс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кіріс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
12. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі кіріс мұндай өтем алынған салықтық кезеңде танылады.
Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің кірісі мұндай есепке жатқызу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
725-бап. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың біреуiн:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
4) геологиялық зерделеуге арналған лицензияны;
5) жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны;
6) кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) жеке немесе заңды тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады.
Осы баптың бірiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін "конкурс" ұғымы, осы заңнамаға сәйкес өткізілетін "аукцион" ұғымымен бірдей.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы