Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 73-бап. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

73-бап. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

73-бап. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.

      2. Командиттік серiктестiк салымшысының:

      1) серiктестiктің таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесiнің бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен алуға;

      2) серiктестiктiң қаржылық есебімен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

      3) жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарда және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар. Салымшының өзінің бүкіл үлесiн өзге тұлғаға беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңдара және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар.

      Командиттік серiктестiктің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

      Командиттік серiктестiктің салымшылары үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарда көзделген құқықтардан бас тартуы немесе оларды шектеуі, соның ішінде салымшылар мен толық серіктестіктердің келісімі бойынша шектеуі маңызсыз болады.

      3. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.

 

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы