74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
1. Сенат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейінгі және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы