Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары Жол жүрісі туралы Заңы

74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары Жол жүрісі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары Жол жүрісі туралы Заңы 

      1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі. 

      2. Көлік құралдарын басқару құқығы: 

      "А1" кіші санатындағы көлік құралдарын – он алты жасқа толған адамдарға; 

      "А", "В" санаттарындағы және "В1", "С1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын – он сегіз жасқа толған адамдарға; 

      "С" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға; 

      "Tm" санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған адамдарға; 

      "D" және "Tb" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу – жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға; 

      "ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға; 

      "С1Е", "D1Е" кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "С", "D" санаттарындағы не "С1", "D1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі. 

       2-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы бөлігінде немесе 613-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.  

       Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының жетінші бөлігінде немесе 613-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберілмейді.  

      Емтихандар тапсыруға осы шектеу әкімшілік жауаптылыққа соңғы тартылған кезден бастап есептеледі. 

      3. "В", "С" санаттарындағы, сондай-ақ "С1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне "С1" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі. 

      Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі. 

 Аталған адамдарға олар жиырма бір жасқа толғанға дейін берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ғана тиесілі "С" санатындағы көлік құралдарын және олар әскери қызмет өткерген кезеңде ғана басқару құқығын растайды.

      4. Әскери қызметшілерге тиісті даярлықтан кейін "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он сегіз жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі. - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен ы 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 207-VIII ҚРЗ 

      Аталған адамдар жиырма бір жасқа толғанға дейін оларға емтихан тапсыру нәтижелері бойынша берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана тиесілі "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды. - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен ы 2025 жылғы 15 шiлдедегi № 207-VIII ҚРЗ 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы