Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

75-бап. Объектiлердi пайдалануға қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы 

      1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады. 

      2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады. 

      3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды және өрт-техникалық зерттеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыларды сұратады."

      Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады. 

      Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады. 

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы тапсырыс берушіден өтінішті алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өрт-техникалық зерттеп-тексеруді жүзеге асырады және адамдар көп болатын объекті мен биіктігі жиырма сегіз метрден асатын ғимараттар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келген кезде оларды пайдалануға қабылдар алдында тиісті қорытынды береді.

      4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы , орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті. 

      5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды. 

      Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектiнi пайдалануға қабылдау осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

      6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы , орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсыну – жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды, өрт-техникалық зерттеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды. 

      Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы