Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 786-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

786-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

786-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазба мен емдік балшық көлемінің бірлігі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: 

Р/с № 

Пайдалы қазбалардың атауы 

Мөлшерлемелер, АЕК-пен 

1. 

Метаморфтық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары 

0,02 

2. 

Магмалық тау жыныстары, оның ішінде гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан) 

0,02 

3. 

Шөгінді тау жыныстары, оның ішінде жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тасты-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек 

0,015 

4. 

Емдік балшықтар 

0,02 

      2. Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: 

Р/с № 

Пайдалы қазбалардың атауы 

Мөлшерлемелер, АЕК-пен 

1. 

Осы кестенің 2 – 5-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы 

0,003 

2. 

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу үшін жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы 

0,001 

3. 

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол алкоголь өнімін, этил спиртін, құрамында спирті бар тамақ өнімдерін, алкогольсіз сусындарды және (немесе) тамақ өнімін (ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және (немесе) оны қайта өңдеуді қоспағанда) өндіру үшін пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суы 

0,250 

4. 

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу кезінде тиісті есепті кезеңге сумен жабдықтауға арналған тарифте бекітілген нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін шаруашылық-ауыз суға арналған жерасты суының нақты ысыраптары 

0,005 

5. 

Осы кестенің 4-жолында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суының, шаруашылық-ауыз суға арналған жерасты судың нақты ысыраптары 

1,000 

      3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең көп мөлшері қолданылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы