Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір түрлеріне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

8-бап. Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір түрлеріне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір түрлеріне байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      Көрсетілетін қызметтер мен операциялардың кейбір түрлеріне байланысты ұғымдар: 

      1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер – ақпаратты жинауды жүзеге асыру және қорыту, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіру және (немесе) ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер, оның ішінде рейтингтік көрсетілетін қызметтер. 

      Бұл ретте рейтингтік көрсетілетін қызметтер деп белгілі бір объектінің немесе құбылыстың маңыздылығының немесе мәнділігінің сандық немесе реттік көрсеткішін көрсететін талдау мен бағалаудың көрсетілетін қызметтері түсініледі; 

      2) дизайнерлік көрсетілетін қызметтер – көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы түрін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлардың интерьерлерін жобалау бойынша көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау; 

      3) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – инженерлік-консультациялық көрсетілетін қызметтер, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу; 

      4) интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен Интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы; 

      5) консультациялық көрсетілетін қызметтер – басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында адамның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және консультациялардың өзге де нысандарын ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтер; 

      6) маркетингтік көрсетілетін қызмет – мыналарға: 

      үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өндірісі және (немесе) айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжауға; 

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді немесе брендті ілгерілетуге, нысаналы аудиторияны тартуға, сатуды арттыруға, сату саласында белгіленген көрсеткіштерге және (немесе) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мен шешімдер кешеніне байланысты кез келген өтеулі көрсетілетін қызмет; 

      7) өткізу: 

      сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп-жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету; 

      лизинг шарты бойынша мүлікті беру; 

      борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру; 

      8) тауарлардың электрондық саудасы – интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 

      9) тауарлар импорты – тауарларды: 

      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, ЕАЭО-ның кедендік аумағына; 

      ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу; 

      10) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер – интернет-алаң арқылы көрсетілетін қызметтер. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.  

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді. 

      3. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілсе, онда айыппұлдар мен өсімпұл салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.  

      4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және Қазақстан Републикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.  

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Републикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы