⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

8-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреті Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Өз құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар: 

       1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды;  

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады; 

       4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған, адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар етеді;  

       5) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;  

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құзыреттерден басқа: 

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өз құзыреті шегінде: 

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына азаматтарды қорғауға және шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуына жәрдемдеседі; 

      басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады; 

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

      адам саудасы құрбандарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіреді; 

      басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады; 

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

      оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша білімін, машықтары мен дағдыларын қалыптастырады; 

      басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады; 

      4) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

      адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдарын іске асыруды қамтамасыз етеді; 

      шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді; 

      шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды; 

      5) туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады; 

      6) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

      масс-медиада адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық насихатты қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; 

      адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін масс-медиада жариялауға ықпал етеді. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 110-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы