Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы 

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына нормативтік құқықтық актілерді талдау, шағымдарды қарау және осы Конституциялық заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асыру нәтижелерін қамтитын өз қызметі туралы баяндаманы жыл сайын ұсынады.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша арнаулы баяндамалар дайындап, тарата алады.

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары уәкілетті мемлекеттік органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қарау үшін жіберіледі.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған баяндаманы қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

      4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы бапта көрсетілген баяндамаларды дайындау және тарату тәртібін бекітеді.

      5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баяндамаларды дайындауға ұйымдар мен мамандарды шарт негізінде тартуға құқылы.

      6. Баяндамалар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында жариялануға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы