Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын мынадай бюджет түрлері жасалады:

      мемлекеттік бюджет;

      шоғырландырылған бюджет;

      облыс бюджеті;

      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.

      2. Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры мемлекеттік бюджет болып табылады.

      Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.

      Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті болып табылады.

      Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілместен, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

      Шоғырландырылған бюджетті, мемлекеттік бюджетті, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, сондай-ақ қос шотты болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен екінші деңгейіне берілетін трансферттерді, бюджеттік кредиттерді және басқа да төлемдерді алып тастауға байланысты олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар өзара өтелетін операциялар болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады. 

      2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі. 

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы