Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік органдарды және (немесе) олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын тарта отырып, жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларына сәйкес жабылған көму пункттерінің мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      2) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінде радиациялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

      3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру, салу, пайдалану және жабу мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды және халықты хабардар етуді ұйымдастырады;

      4) тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық ластануды жою, сондай-ақ ядролық мұра объектілерінің қауіпсіздігін және оларды оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау