80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері Жол жүрісі туралы Заңы
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кустарды өткізуге, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
3) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және оның нәтижелерін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
6) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
7) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
8) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге құқылы.
9) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.
Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы