80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берілетін өтемақылар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңінде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлеріне қаза тапқан күні немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
2. Қызметкер қызмет өткеру кезеңінде немесе қызмет өткерумен байланысты контузия, мертігу, ауыру салдарынан қызметтен шыққаннан кейін бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда біржолғы өтемақы:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық ақшалай қаражат;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке әкеп соқпайтындай ауыр мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бір жарым айлық ақшалай қаражат; жеңіл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
5. Қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе алған мертігуі:
1) өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізген жағдайды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсауы нәтижесінде;
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) қолдану нәтижесінде;
4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтіру нәтижесінде;
5) қызметкердің келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы