81-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
2. Оқу дабылын қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Аварияға қарсы жаттығу жұмыскерлермен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.
3. Оқу дабылының, аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы