83-1-бап. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – талаптар тізілімі) деп кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін реттеушілік актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттар түсініледі.
Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы олардың хабардар болуын қамтамасыз ету.
2. Талаптар тізіліміне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, реттеудің тиісті салаларында кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін бағалау, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде айқындайды.
3. Реттеушілік актілер кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес талаптар тізіліміне кәсіпкерлік қызметті реттеу кезінде оларды қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша енгізіледі.
Ұсынуда реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін айқындайды.
4. Реттеушілік актілерді талдау реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Реттеушілік актілер талаптардың тізіліміне былайша:
1) Қазақстан Республикасының заңдары баптар бойынша;
2) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және өзге де құжаттар деректемелері көрсетіле отырып, осы актілердің немесе құжаттардың атаулары бойынша енгізіледі.
6. Егер реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік актіге уақтылы талдау жүргізбесе, бұл акт талаптар тізілімнен шығарылады.
Реттеуші мемлекеттік орган осы Кодекстің 81-1-бабына сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу мақсатында реттеушілік актілер талаптардың тізілімінде болмаған және (немесе) одан алып тасталған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптар бойынша – талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап алты ай ішінде;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар бойынша –талаптар тізілімінен алып тасталған не талаптар тізілімінде болмау фактісі анықталған күннен бастап үш ай ішінде олардың күшін жоюға (күші жойылды деп тануға) не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті реттеушілік актілердің талаптарын сақтамауы оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылмайды.
7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының осы Кодекстің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді
Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы