Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 83-бап. Салық органының міндетті сипаттағы хабарламалары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

83-бап. Салық органының міндетті сипаттағы хабарламалары Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

83-бап. Салық органының міндетті сипаттағы хабарламалары Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Салық органының міндетті сипаттағы хабарламаларына мыналар жатады: 

     1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама. 

     Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жүргізілген салықтық тексеру қорытындылары бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуға, залалдардың азаюына, қосылған құн салығының және (немесе) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтаруды растамауға алып келетін бұзушылықтар анықталған кезде ұсынылады; 

     2) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері туралы хабарлама. 

     Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның күші жойылған жағдайда шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады; 

     3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама. 

     Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтамау фактілері анықталған кезде салық органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге (салық агентіне) ұсынылады; 

     4) тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарлама. 

     Тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарламада тарату кезеңінде есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімі туралы мәліметтер қамтылады. 

     Тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарлама таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салықтық әкімшілендіру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде туындаған кезде таратудың салықтық тексеруі актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады; 

     5) салық төлеушінің тұрған жерін (оның жоқ екенін) растау туралы хабарлама. 

     Салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ болғанын) растау туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген, салықтық зерттеп-қарау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерінде болмауы кезінде салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ұсынылады; 

     6) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама. 

     Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) заңды тұлғада, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентте, дара кәсіпкерде, жеке практикамен айналысатын адамда салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешек пайда болған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады; 

     7) дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама. 

     Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешегін өтемеген кезде салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторына оның банктік шоттарындағы ақша есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданғаннан кейін өндіріп алу қолданылғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады; 

     8) жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама. 

     Жеке тұлғада кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша салықтық берешек қалыптасқан кезде салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама беріледі. 

     Жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама салық төлеушіге салықтық берешек түзілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. 

     2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, міндетті сипаттағы хабарламаларды орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнін құрайды. 

     Мыналар: 

     1) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі – табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күнін құрайды; 

     2) дебиторлық берешекті растау туралы хабарламаны орындау мерзімі – табыс етілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күнін құрайды; 

     3) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ болғанын) растау туралы хабарламаны орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күнін құрайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

83-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен: 

      1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште; 

      2) электрондық нысанда; 

      3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.   

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:  

      дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғалардың; 

      мемлекеттік мекемелердің; 

      Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің; 

      резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің; 

      ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша осы Кодекстің 534-бабында аталған тұлғалардың; 

      осы Кодекстің 424-бабының 4-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді орындамаған салық төлеушілердің құқығы жоқ. 

      2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді. 

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар: 

      1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап; 

      2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады. 

      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы