84-2-бап. Өтпелі ережелер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы
1. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және берілген келісімшарттар мен лицензияларға қолданылмайды.
3. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 5) тармақшасының ережелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға және кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кәріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру үшін қолданылады. Босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы және іс жүзінде пайдаланылуына сәйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы