84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі өзінің өкілі басшысы болатын комиссияны құрады.
Аварияға тергеп-тексеру жүргізетін комиссияның құрамына:
жергілікті атқарушы органның;
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.
Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне аварияның туындағаны туралы ақпарат алынған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
1-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі комиссия жұмысы басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды аварияның тергеп-тексерілгені туралы хабардар етеді.
2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.
3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді, оны өзінің техникалық басшысы басқарады.
Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілдері, сондай-ақ оның басшысының шешімімен өзге де адамдар кіреді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы