84-бап. Декларанттың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Декларант:
1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және олармен жүк операцияларын орындауға;
2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін, осы Кодекстің 17-бабына сәйкес берілген кеден органының рұқсатымен іріктеуге;
3) кеден органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік байқау мен кедендік тексеру формасында кедендік бақылау жүргізген кезде және осы тұлғалардың тауарлардың сынамасын және (немесе) үлгілерін іріктеу кезінде қатысуға;
4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға:
5) кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
6) өздері декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға;
7) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Декларант:
1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;
2) кеден органына, осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды беруге;
3) декларациялайтын тауарларды осы Кодексте көзделген жағдайларда нe кеден органының талабы бойынша көрсетуге;
4) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеуге және (немесе) осы Кодекске сәйкес оларды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етугe;
5) тауарларды пайдалану шарттарын кедендік рәсімге сәйкес сақтауға немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға;
6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
21. Осы баптың 2-тармағының ережелері осы Кодекстің 4295-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
3. Осы Кодекстің 4295-бабының 5-тармағына сәйкес электрондық сауда операторы жауаптылықта болатын жағдайды қоспағанда, декларант мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттердің орындалуына, кедендік декларацияда дұрыс емес мәліметтерді мәлімдеуге, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз құжаттар, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу дұрыс емес (жалған) мәліметтер бар құжаттар бергені үшін жауапты болады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы