Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

88-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын жерлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

  1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын мекемелерде өтейді.

      Бас бостандығынан айыруға сотталғандар, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жаза мерзімін бір мекемеде өтейді.

      2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар оларды түзеу, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарын ұстап тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті жағдайлар ескеріле отырып, мекемеге жіберіледі.

      3. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша басқа облыстың тиісті режим түріндегі мекемесіне жазасын өтеу үшін жіберуге:

      1) сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті түрдегі мекеме болмаған;

      2) осы Кодекстің 115-бабының екінші бөлігінде көзделген жазаны өтеу орындарының лимиті асып кеткен жағдайларда жол беріледі.

      4. Сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша жазасын одан әрі өтеу үшін бір мекемеден сол түрдегі басқа мекемеге не қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстыруға:

      1) осы Кодекстің 12-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сотталған адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген;

      2) мекеме қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) сотталған адамның келісімімен, өндірістік қажеттілік болған;

      4) мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажет болған жағдайларда жол беріледі.

      Қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының сотталған адамды осы бөліктің бірінші абзацының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мекемесіне ауыстыру туралы шешімі жазаны өтеу орны бойынша аудандық не оған теңестірілген прокурордың қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сотталған адамды осы бөліктің 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ауыстыру туралы қабылданған шешім жөнінде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша нысанда прокурорды хабардар етуге міндетті.

      4-1. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында өзінің өтініші бойынша не өзінің келісімімен тиісті түрдегі басқа мекемеде орын болса, соған ауыстырылуға жатады.

      Осы баптың үшінші бөлігіне, төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген немесе ауыстырылған сотталған адам үшін – теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы, ал жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін жіберілген немесе осы баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде ауыстырылған сотталған адам үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.

      Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжатпен расталады.

      Сотталған адамды әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің тұрған жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.

      6. Қазақстан Республикасының мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен, шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара түсіністік шарттарында жазбаша келісім бойынша өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекетке жіберілуі мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы