89-бап. Мекемелер түрлерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Мекемелер:
1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер;
2) орташа қауіпсіз мекемелер;
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер;
4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер;
5) төтенше қауіпсіз мекемелер;
6) толық қауіпсіз мекемелер;
7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді.
2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге:
1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер;
2) бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында аталған сотталғандар;
2) орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден осы Кодекстiң 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
4. Орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 2) тармағында аталған сотталғандар;
2) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағында аталған сотталғандар;
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi.
6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 4) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2) алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жіберілген сотталғандар өтейдi.
7. Толық қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабының алтыншы бөлігінде аталған сотталғандар;
2) алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді.
8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.
10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
Осы бөліктің камерада ұстау туралы талабы осы Кодекстің 94-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы