9-бап. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Заңы
1. Сатып алу процесінде анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Қордың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізіледі.
2. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші беретін ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы:
1) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталса, тапсырыс берушіні;
2) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталса, тапсырыс берушіні, сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы