9-бап. Аудандық соттың төрағасы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;
3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.
Аудандық сотта төраға, судьялар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісу бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.
Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы